Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жәркен Бөдешұлының өмірден озуына байланысты марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері – Жәркен Бөдешұлының өмірден озуына байланысты, марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Жәркен Бөдешұлы бүкіл саналы ғұмырын қазақ поэзиясы мен руханияты жолына арнап, елдің рухын көтерер отты өлеңдер мен поэмалар жазды. Ұлттық поэзияда өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген ағамыздың мол әдеби мұрасы –тозбас рухани қазына болып, ақындық болмысы мен бейнесi қалың оқырман қауымның есінде мәңгілік сақталады. Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын! - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.