Балаева мемлекеттік наградалар табыстады

13 Желтоқсан 2021, 14:45
1390
Бөлісу:
Балаева мемлекеттік наградалар табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.


Министр «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдары, «Халық алғысы» медальдары, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары мен  Премьер-министрдің Құрмет грамоталарын табыстады. Марапатталғандардың арасында Қазақстан азаматтық қоғамының көрнекті қайраткерлері Бану Нұрғазиева, Айгүл Соловьева, Марат Башимов, БАҚ-тың ардагерлері мен қызметкерлері - Сауық Жақан, Мақпал Жұмабай, Сергей Нестеренко, Марина Сахарова және басқалар бар.

Биылғы тәуелсіздіктің 30 жылдығы – ел дамуының жаңа кезеңі. Тәуелсіздіктің бізге қалай келгенін, осы жолда халқымыз қандай қиындықтарды көргенін Елбасымыз кешегі «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тамаша жеткізді. Расында, Тұңғыш Президентіміздің де, Мемлекет басшысының да айтқанындай, осы 30 жылдық мерейлі белесті еліміз абыроймен бағындырып отыр, - деді министр.

Министр осы жылдар ішінде мемлекеттік саясаттың басты идеологиялық бағыттарына - ақпарат, азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық келісімге ведомство жетекшілік ететінін атап өтті. 

Мен сіздердің әрқайсыңызға кәсіби жұмысыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді! Әрқайсыңыз ортақ іске баға жетпес үлес қостыңыздар, - деді А.Балаева.

Белгілі қоғам қайраткері Айгүл Соловьева барша қазақстандықтарды құттықтап, министрліктің еліміздің тұрақты дамуына зор үлес қосқанын және министрліктің атауындағы «даму» негізгі сөзі әділ көрініс тапқанын атап өтіп, әрқашанда осы векторды ұстануға тілек білдірді.

Министрлік бұл бағытта маңызды әрі тиімді жұмыс атқарды және қоғам өкілдерімен диалогтың өнімді форматын қалыптастырды, — деді А.Соловьева.

Өз кезегінде, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған «Қазақ радиосының» ардагері Сауық Жақан ата-бабалар армандаған бақытты уақытта өмір сүріп жатқанымызды атап өтті. Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы «Қазақ радиосының» 100 жылдығымен тұспа-тұс келгенін және ауқымды жұмыстың нәтижелерін, мемлекет тарапынан радиохабар тарату саласына шынайы қамқорлықты сезінетінін айтты.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б.Нұрғазиева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін табыстау кезінде еліміздің барлық өңірінің үкіметтік емес ұйымдарын біріктіретін барша Азаматтық Альянстың еңбегін бағалау ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша министрлік Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарған жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы