Балаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

13 Мамыр 2021, 18:10
988
Бөлісу:
Балаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының 60-жылдығына арналған салтанатты шарасына қатысты.

Министр бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқандығын және оның маңыздылығын атап өтті.

Аида Ғалымқызы Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының ардагерлерін және жұмыскерлерін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапаттады.

Телерадиохабар таратудың заманауи инфрақұрылымын жасау министрлік пен «Қазтелерадио» ұлттық операторының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, — деді министр.
Аида Балаева пандемия кезінде цифрлық әлемнің жылдам дамуына байланысты бұл компанияның одан әрі дамып, заманға сай болу қажеттілігін атап өтті.

Бұдан басқа Аида Балаева жұмыс сапары барысында Қостанай облысының БАҚ бас редакторларымен кездесіп, Өңірлік жастар орталығының жұмысымен танысты.



Өзгелердің жаңалығы