Балаева экологиялық сауаттылық мәселесін көтерді

27 Шілде 2020, 15:23
1586
Бөлісу:
Балаева экологиялық сауаттылық мәселесін көтерді

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында экологиялық сауаттылық мәселесін қаузады.

Адам ауруларының қоршаған ортадағы келеңсіз өзгерістермен тікелей немесе жанама түрде байланысты екені анықталған. Бірақ халықтың науқастануының экологиялық факторлары мен себеп-салдарларына әзірге елімізде жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр. Экологиялық сауатсыздықты жою халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдары жалпыхалықтық экологиялық сауатты ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі, - деді Балаева. 

Министр соңғы кезде бірегей табиғи орындарда жасалған қатігез жағдайлар шағын катастрофаларға әкелетінін айтты. 

Бурабайдағы таудан үйілген қоқыс, қызғылт түсті көлді тұз бен балшығын алу арқылы жою, Алматыдағы лотостарды жұлу сынды оқиғалар жасалған бұзушылықтың толық тізімі емес. Қоғам арасында үлкен пікірталас тудырған санасыз қазақстандықтардың әрекеті. Сондықтан бүгін тек проблемалық жағдайды талқылап қана қоймай, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде экологиялық сауаттылықты арттыру бойынша ұсынымдар берілсе, жақсы болар еді. Қазақстанның бірегей табиғи байлықтары адам әрекетінің нәтижесінде жыл санап сарқылып барады. Олардың көбін қалпына келтіруге болмас. Мемлекет табиғи байлықтарды келер ұрпаққа қалдыру үшін барлық шараны жүзеге асыруы керек. Болашақ ұрпақты қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы  тәрбиелеу керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы