Балаева: Білімді және табысты әйелдің бейнесін сипаттайтын картиналар өте аз

21 Желтоқсан 2022, 19:14
904
Бөлісу:
Балаева:  Білімді және табысты әйелдің бейнесін сипаттайтын картиналар өте аз
Фото: Арман Мукатов

"БАҚ-тағы әйел: азаматтық қоғамның дамуындағы гендерлік теңдіктің рөлі" панельдік сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева сөз сөйледі,деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол елдегі гендерлік теңдік көрсеткіштерінің жақсарғаны туралы айтты.

 Қазақстан тәуелсіздік жылдарында гендерлік теңдік саласында бірқатар прогрессивті шаралар қабылдады және бұл мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болды. Ал оның маңызды бөлігі – медиа. Жүргізіліп жатқан гендерлік саясат елдің халықаралық рейтингтердегі жағдайын жақсартады. 2021 жылдың нәтижелері бойынша гендерлік теңдік индексі бойынша Қазақстан көрсеткіштерін жақсартты және 146 елден 65 орынға көтерілді. Бұл Орталық Азия аймағындағы көшбасшылық позиция және біз көрсеткіштердің тұрақты түрде жақсару үшін жұмыс істеп жатырмыз. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың қолданыстағы тұжырымдамасы осы көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. Таяудағы сегіз жылда Қазақстанның әйелдерге қатысты күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтықты жеті жылға дейін, орташа жалақыдағы алшақтықты 21%-ға дейін қысқарту, сондай-ақ, шешім қабылдау деңгейіндегі билік органдарындағы әйелдердің үлесін 30%-ға дейін жеткізу жоспарлары бар", - деді Аида Балаева. 

Спикер бұқаралық ақпарат құралдарындағы белсенді позицияларда әйелдер санының өскенін, осы саладағы жұмысты жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер мен алғышарттар бар екенін атап өтті. 

Оның пікірінше, әйелдің бейнесі шығармашылықта дұрыс көрсетілуі керек. 

БАҚ секторында 1700-ге жуық әйел басшы бар. Бұл Қазақстандағы БАҚ-тың жалпы үлесінің шамамен 32%-ын құрайды. Олардың ішінде әйелдер республикалық арналардың, интернет ресурстардың, газеттердің басшылығында жүр. Алайда бүгінде әйелдің бейнесі бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда кинода қалай беріліп жүр? Менің ойымша, бұл елдегі және Орталық Азия аймағындағы гендерлік теңдік жағдайын жақсартуға әсер етудің маңызды құралы. Жақында Қазақстанда және Орталық Азияның бірқатар елдерінде қазіргі заманғы фильмдерде табысты әйелдің моделін бейнелейтін жарқын әйел рөлдері жоқ екендігі туралы ескертулер айтылды. Қазақстанда соңғы 10 жылда гендерлік стереотиптерді зерделеу тұрғысынан кинофильмдерге талдау жүргізілді. Нәтижелер отандық фильмдердегі әйелдер мен гендерлік рөлдердің стереотиптік бейнелері ана, ішкі күйзелісі бар әйелдер, басты кейіпкердің сүйіктісі, екінші әйел сияқты бейнелермен шектелетінін көрсетті. Білімді және табысты әйелдің бейнесін сипаттайтын картиналар өте аз. Менің ойымша, бәріміз бұл туралы ойлануымыз керек. Мұндай бейнені мысал ретінде алуға болатын модельдер біздің халқымызда көп екеніне сенімдімін, - деді. 

Спикер билік органдарында әйелдер санын арттыру бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар туралы да айтты. 

Өзгелердің жаңалығы