Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балабақшадағы оқиға: Кім жұмыстан шығарылып, кім сөгіс алды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
19 Тамыз 2025, 11:20
568
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы факт бойынша еңбек демалысы кезінде балабақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарған әдіскер қызметінен босатылды. Тәрбиешінің көмекшісі еңбек демалысынан кейін жұмыстан босатылады. Тәрбиешіге қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.

Қызметтік тексеру нәтижесінде балабақша басшылығына барлық жауапты тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылдау және балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Болған оқиға бақылауда.

Қазір баланың жағдайы қалыпты. Бүгін балабақшаға барған.

Бұған дейін Таразда балабақшада тәрбиеші баланың басын жарақаттағанын жаздық. Тәрбиеші әйелдің көк пакетпен баланың басынан қатты ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Сол сәтте бала басын қолымен ұстап, артқа қарай шегініп кеткені байқалады. Қатты соққыдан баланың басы жарылған.

Өзгелердің жаңалығы