Астана қаласы тұрғындарының өтініші бойынша BAQ.KZ тілшісі Нұра ауданыныдағы құрылысы 5 жыл бітпей келе жатқан балабақшаға барып қайтты.
Ілияс Омаров 23/1 тұрғын үйінің, Inju City және Brusels тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сол үйлердің ортасында орналасқан балабақшаның құрылысы аяқталмай келе жатқанына 5 жыл болғанын айтады.
Сондай-ақ Астана әкімі қаулысы бойынша балабақша жанындағы 1,5 гектар жерге салынуы керек шағын бақ құрылысы да әлі басталмаған.
Мәселенің мән-жайы мен тұрғындардың шағым-өтініштерін төмендегі бейнеден көре аласыз.