Балабақша қаржысын жымқырған есепші сотталды

Бүгiн, 20:15
185
Бөлісу:
Балабақша қаржысын жымқырған есепші сотталды
Фото: архив

Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды.

Талдау барысында №39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы