Балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының бухгалтері 9 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 1 Ақпан 2025 2025, 21:17
1 Ақпан 2025 2025, 21:17
700

Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының бухгалтері 9 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, бухгалтер балабақшаға арналған тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға арналған ақшаны өзінің жеке шотына аударып отырған.

Аталған факт бойынша Жақсы ауданының прокуратурасы алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.

Бұл істі әділ әрі толық тексеру мақсатында прокуратура бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шараларды қолға алып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Жемқорлыққа қарсы күрес органдары жағдайдың мән-жайын анықтайды.

Наверх