Нұр-Сұлтанда балабақша орындарын электронды бөлу 12 маусымнан басталады

11 Маусым 2019, 12:54
1839
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда балабақша орындарын электронды бөлу 12 маусымнан басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім басқармасының мәліметі бойынша балабақша орындарын электронды бөлу жүйесі бүгін жұмыс істемейді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Балабақшалардағы бос орындарды бөлу жүйесін қайта іске қосу бойынша жұмыстардың жартысынан көбі аяқталды, бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылады. Ертең 11 маусым күні, жүйе жұмысының тиімді жəне ашық түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін, күні бойы тексеру тестілеуі жүргізіледі. Осы орайда, бүгін жəне ертең жүйе іске қосылмайтынын хабарлаймыз. Жүйенің қайта іске қосылғаны жайлы, біз сіздерді алдын-ала əкімдік, білім басқармасы сайттары жəне əлеуметтік желілер арқылы хабардар етеміз», деп хабарлайды Білім басқармасы.

Айта кетейік, ведомствоның таратқан мәліметінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының орын үлестіру жүйесі хакерлік шабуылға ұшырағаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы