Әлеуметтік желілерде сәбиін арбамен сүйреп, тапсырыс жеткізіп жүрген әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бейнеролик TikTok желісінде bainemetovv02 қолданушысының парақшасында жарияланған.
Бейнеролик әлеужеліде 380 мыңға жуық қаралым мен мыңнан астам пікір жинаған. Желі қолданушыларының бірі әйелге көмектесу үшін оны іздеп табу керектігін айтса, енді бірі жеткізу қызметінде де әйелдердің жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналғанын айтып жатыр.
"Бұл әйелді қайдан табуға болады?", "Оны танымал етейік", "Бәрі бала үшін", "Қараудың өзі азап екен", "Мына сәбиді маған әкел, сен жұмыс істеген сәтте қарай тұрамын" деген сынды пікірлер жазылған.