Бала құқығына ерекше мән беруіміз керек - министр

24 Сәуір 2023, 17:46
1064
Бөлісу:
Бала құқығына ерекше мән беруіміз керек - министр
Фото: Артём Чурсинов

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Парламенті депутаттарының, халықаралық ұйымдар, медиа салалар және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Медиа этика және балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстелде балалардың қарым-қатынасына, оның ішінде қазіргі заманғы коммуникация құралдарын пайдалана отырып, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыста Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бала құқығын қорғау өте өзекті екенін жеткізді.

Бұқарылық ақпарат құралдарында бала құқығына ерекше мән беруіміз тиіс. Бұл тақырып кім-кімді болса да бейжай қалдырмайды,-деді министр.

Осы тұрғыда бала құқығына байланысты бірнеше ұсынымдар айтылып, отырысқа қатысқан мамандардың қолдауымен қабылданды.

Бала құқығына ерекше мән беруіміз керек - министр

Атап айтар болсақ:

1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылы 20 карашадағы қарарымен қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенцияның» ережелерін басшылыққа алу;

2. Мемлекеттік органдардың, халықаралык ұйымдардың қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация кұралдарының балалармен байланысты құкыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа-сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру;

3.1 «Қазақстан Республикасындағы отбасылык-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндама шеңберінде БАҚ-тың балаларға қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алудағы ықпалы тақырыбында зерттеу жүргізуді көздеу;

3.2 Балаларға қатысты зорлық зомбылыктың алдын алу тақырыбында семинар мен тренингтер ұйымдастыру;

3.3 Журналистерге балалара қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жария ету бойынша халықаралық құжаттардың ережелерін және калыптаскан тежірибені ескере отырып нұскаулық әзірлеу (балалардың жеке деректерін жария етуге тыйым салу, шамадан тыс егжей-тегжейді жарияламау және т.б.).

4. «Азаматтық бастамаларды колдау орталығы» медиа-кеңістіктк бала кұқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған гранттарды қарастырсын;

5.1 Телеарналарда өндірілетін сериалдық өнім шеңберінде балалардың құкықтарын қорғауға бағытталған тақырыптық желілерді көздеу;

5.2 Бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар бөлімдер аша отырып, материалдар (мақалалар, сюжеттер, деректі фильмдер, бейнероликтер) санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;

5.3 Бұқаралык ақпарат құралдарындағы медиа-этика жөніндегі тұрақты комиссия құру;

Бала құқығына ерекше мән беруіміз керек - министр
Өзгелердің жаңалығы