Бала мінезді болуы қажет – Төрегелді Шарманов

30 Мамыр 2021, 21:30
13775
Бөлісу:
Бала мінезді болуы қажет – Төрегелді Шарманов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі жастар өте шапшаң, жан-жақты, нақтылықты жақсы көреді емес пе. Сондықтан бар көрген-білгенімді немерелеріме үйретуден жалықпаймын, дейді академик Төрегелді Шарманов.

«Балам – балым, немере – жаным» дейді қазақ. Шаңырағыңды ұстар, ошақ отыңды лаулатар жалғасың да, барың да соңыңнан ерген ұрпағың ғой. Баладан немере ыстық деп жатады. Ол рас екен, - деп жазды академик.

Шарманов көрген-білгенімді немерелеріне үйретуден жалықпайтынын айтады.
Немерелерімнің жетістігін көру мен үшін үлкен бақыт, ең бастысы бойларында адамгершілік қасиет пен төңірегіне жақсылық жасауға деген ұмтылыстың болуы. Қазіргі жастар өте шапшаң, жан-жақты, нақтылықты жақсы көреді емес пе! Сондықтан бар көрген-білгенімді немерелеріме үйретуден жалықпаймын. Бала мінезді болуы қажет. Жалпы қазақ мінезді адамды бұрыннан ерекше қастерлеген. Қажетінде табандылық білдіру, өз ісіне сенімді болу, тиянақты болу, қайраттылық таныту – нағыз қазаққа тән қасиет. Осынша жасқа келіп бақыттың құшағына бөленіп отыруым – халқымның берген бата-тілегінің шарапаты шығар, - деп жазды Төрегелді Шарманов әлеуметтік желідегі парақшасында


Өзгелердің жаңалығы