Балқашта арнажуушы машина пайда болды

22 Тамыз 2020, 05:49
1221
Бөлісу:
Балқашта арнажуушы машина пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәріз құдықтарын жуатын машинаны "Балқаш Су" коммуналдық кәсіпорны ойлап тапты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Жоғары су қысымымен жаңа жабдық кептелуді жояды және ойықтарды кірден тазартады. Мамандар әзірге техникамен жұмыс істеуді үйреніп жатыр.

Арнайы қондырғының құрылымы қарапайым. Бортта 60 метрлік шланг орнатылған, оның ұшында - саптама, алдыңғы бүріккіштері 160 атомсофера қысымымен су жібереді және кептелулерді тесіп өтеді, артқы бүріккіштері жолай құдықты кірдан, тұнбадан және майдан тазартады  .

Әлімжанов – Островский көшелерінің қиылысы – коммуналдықтардың аса күрделі учаскелерінің бірі. Мұнда апаттар жиі болады. Жаңа техниканың бірінші сынауы осы жерде өтті: кәріз ағындылары  көшені басты. Қондырғы мен мамандар апатты жойып, міндетті орындады.

Балқашта шамамен 1,5 мың кәріз және құрғатқыш құдықтар бар. Күніне олардың кемінде 10-ы қоқысқа толады және асып төгіледі.

Су тіреуінің асып төгілуінің аса көп себебі кәріз жүйесіне шүберек, қоқыс, қағаз және басқа түрлі заттардың тасталуы болып табылады. Біз қысқа мерзімде жаңа техниканы күнделікті пайдалануға енгіземіз, - деді, "Балқаш Су" КМК директоры Николай Тян.

Өзгелердің жаңалығы