Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда Қазақстанның сауда үйі ашылды. Бұл туралы 24.kz жазды.
Жаңа орталық отандық бизнес қауымдастықтың Бакудегі алғашқы сауда өкілдігі болмақ. Мұндағы мақсат екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту және Қазақстан өнімдерін сол елдің нарығына шығару.
Қазақстан сауда үйінің бас директоры Руфат Рзаевтың айтуынша, бұл идея жыл басында пайда болған. Алайда әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты ол кешуілдеп іске асқан.
Жоспарымызға бірқатар түзету енгізді. Соған қарамастан, жұмысымызды ары қарай жалғастырып келеміз. Күнделікті онлайн форматта кездесулер мен консультациялар ұйымдастырамыз. Екі ел арасында әуе қатынасы қайта жанданса, қазақстандық экспорттаушылардың қатысуымен Бакуде жәрмеңке өткізбек ойымыз бар, - деді ол.
Қазақстан Әзербайжанға көбіне бидай, мұнай өнімдері мен ауыр өнеркәсіп тауарларын жеткізіп келген. Ал жаңа сауда үйі өнім түрлерін кеңеутіге мүмкіндік бермек. Олардың қатарында азық-түлік өнімдері бар.
Жалпы екі ел арасындағы сауда саттық байланыс пандемия салдарынан бәсеңдеп қалған. Соңғы сегіз айдағы сауда айналымы небәрі 68 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмен. Енді бизнес қауымдастық алдыңғы тауар айналымын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.