Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Палодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің тоғыз айлық дамуын қорытындылап баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін өз баяндамамда ел президенті Жолдауының басымдықтарының, Елбасының негізгі тапсырмаларының іске асырылуына тоқталамын. Сонымен қатар, сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын, - деп бастады Бақауов өз баяндамасын.Оның сөзіне қарағанда, облыс тұрақты даму деңгейін сақтап келеді.
Макроэкономикалық ахуал тұрақты, барлық базалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсетуде. Соңғы үш жыл ішінде жалпы өңірлік өнімінің номиналды көлемі 2-ден 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасы 6,2%-ға өсті. Осы деңгейді биыл да ұстап қалуды жоспарлап отырмыз. Ең жоғары нәтижені ең алдымен нақты сектордың салалары есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда, - деді әкім.