Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-да сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде БАҚ мониторингінің қорытындылары туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев баяндап берді.
Министрліктің алдында екі негізгі міндет тұрды. Ең алдымен партияларға саулау алдындағы үгіт-насихаты кезіңінде БАҚ-та теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ, БАҚ тарапынан сайлау және БАҚ туралы заңнаманы бұзбауды қадағалау. Осы міндеттерді шешу үшін министрлік тарапынан ақпараттық өрістерді тұрақты мониторинг жүргізілді. Үгіт-насихат науқаны кезінде, яғни 10 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін 500 БАҚ тұрақты мониторингте болды. Оның ішінде республикалық та, өңірлік те БАҚ-тар бар – 321-і газет, 47 телеарна, 131 интернет ресурс. Демек, біз саяси партиялардың жұмысы туралы хабар таратқан барлық БАҚ-ты қамтыдық десек болады. Оның ішінде тақырыптық БАҚ-тар үгіт-насихат жұмыстарына қатысқан жоқ, - деді вице-министр.
Бүгінгі күнге дейін сайлау туралы БАҚ-та жарияланған және көрсетілген 22 мың материал тіркелді.
Бұл 22 мың материал 21 қазанда сайлау өтеді деп жарияланған кезден бастап жарық көрген. Ал 10 желтоқсаннан бастап үгіт науқаны басталған кезде БАҚ-та 6 500-ден аса материал жарияланды. Мұның барлығы БАҚ-тың және қазақстандықтардың сайлауға деген қызығушылығын білдіреді, - деп түсіндірді ол.