Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Турнир Нұр-Сұлтан қаласында 27 маусымда, БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өтеді. Шағын футбол бойынша алғашқы турнир 1994 жылы жазушы қайтыс болғаннан кейін өткен болатын. Биыл бұл дода 23-рет өткізіледі.
Турнир аясында командалар бірнеше топқа бөлінеді (әр топта 4 қатысушыдан). Әр топтың екі үздік командасы келесі айналымға шығады, содан кейін жеңімпаздар плей-оффқа көшеді. Естеріңізге сала кетейік, дәстүрге айналған турнир республикалық мәртебеге ие болды және барлық БАҚ өкілдері үшін ол - көптен күткен оқиға. Алайда, карантиндік шектеулерге байланысты өткен жылы турнир тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Сейдахмет Бердіқұловтың құрметіне және отандық БАҚ өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін «BAQ liga» қоғамдық қорының қолдауымен турнирді жаңғырту туралы шешім қабылдады.
Әрине, дене шынықтыру әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады және БАҚ қызметкерлері де ерекшелік емес. Осындай іс - шараларды өткізе отырып, біз Ақпарат саласының дамуына зор үлес қосқан танымал әріптестерімізге құрмет көрсетеміз - деп атап өтті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Естеріңізге сала кетейік, Сейдахмет Бердіқұлов (1933-1994) - қазақстандық жазушы, аудармашы, спорт журналисті.
Бердіқұлов - Қазақстан Спорт журналистері федерациясының бірінші өкілі. Бердіқұлов шығармашылығының негізгі тақырыптары - жастар өмірі, спорт. Бердіқұлов Ш.Айтматов, Э. Хемингуэй, Дж. Лондон, А. Хейли, Н.Майлер бірқатар шығармаларын шет тілдеріне аударған.