Бахрейннің барлық аумағында әуе дабылының сиреналары қосылды

Тұрғындарға жақын маңдағы паналау орнына бару туралы ескерту жасалды.

 Anadolu Agency Бүгiн 2026, 13:12
Бүгiн 2026, 13:12
168
Фото: Anadolu Agency

Бахрейннің бүкіл аумағында әуе дабылының сиреналары қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бахрейн Ішкі істер министрлігінің америкалық Х компаниясына тиесілі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім болды.

Тұрғындарға сабыр сақтап, жақын маңдағы қауіпсіз паналау орнына бару ұсынылды.

Ведомство сондай-ақ жаңалықтарды тек ресми дереккөздерден бақылауға шақырды.

Аймақтағы жағдайдың шиеленісуі

Парсы шығанағы өңіріндегі жағдай Израиль мен АҚШ 28 ақпанда ядролық келіссөздер аясында Иранға қарсы шабуылдарды бастағаннан кейін ушыға түсті.

Иран өз кезегінде АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Израильге, сондай-ақ өңірдегі жеті елге жауап ретінде соққы жасауда.

АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранның көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи және көптеген жоғары лауазымды тұлғалар қаза тапты.

Наверх