"Бағынбау ескерткіші": Трампқа арнап мүсін орнатылды

14 Сәуір 2025, 06:40
714
Бөлісу:
"Бағынбау ескерткіші": Трампқа арнап мүсін орнатылды
Фото: Rebecca Noble/ Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне тиесілі Trump International гольф клубында өзінің құрметіне орнатылған ескерткішті таныстырды. Биіктігі екі метрден асатын мүсінді кәсіпкер Энтони Константино сыйға тартқан. Ол бұл туралы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мүсін ресми түрде "Бағынбау ескерткіші" деп аталып, клуб ғимараты мен 27 шұңқырлы гольф алаңының бірінші шұңқырының арасында орналасқан. Келушілер бұл мүсінді бірден байқайды, ол мекеменің көрнекті жерінде тұр.

Трамп ескерткішті алғаш көргенде қуанышын жасыра алмаған. Кәсіпкер Константиноның айтуынша, президент жарқын көңіл-күймен қарсы алып, әзілдесіп, мүсінге риза болған.

Ескерткіш Трампты костюммен, қолын жоғары көтеріп, жұдырығын түйіп тұрған күйде бейнелейді.

Өзгелердің жаңалығы