Жүргізуші куәлігін алу қиындайды

4 Қараша 2021, 17:24
1494
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігін алу қиындайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мамандандырылған ХҚКО қызметін тексеру барысында кездескен біраз заңсыздықтар туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Брифинг барысында журналистерге авто ХҚКО қызметін тексеру үшін қыркүйекте жасырын, яғни қарапайым клиент ретінде жүргізуші куәлігін алуға барып, біраз заңсыздықтарға тап болғанымды айтқан едім.  «Азаматтарға арналған үкіметтегі» ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары жасаған видеоның негізінде осы маңызды мәселе бойынша шұғыл іс-шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациядағы әріптестерім күллі ел бойынша бақылау жұмыстарын күшейткендіктен, мұндай жағдайлар басқа да аймақтарда анықталып жатыр, – деп жазды министр.
Сондай-ақ ол бұл бағыттағы барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданғанын айтты.
Тексеріс басталғаннан бері күнделікті статистикаға көз жүгіртіп отырамын. «Праваға» практикалық және теориялық емтиханды сәтті тапсырғандардың саны бірден азайғанын байқауға болады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында соңғы екі аптада жүргізуші куәлігін алу бойынша 2160 өтініш түскен, соның ішінде тек 30 адам ғана сынақтан сүрінбей өткен. Алдағы уақытта барлық мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтиханды тапсыру кезінде тұлғаны арнайы биометриялық тану жүйесін енгіземіз. Бұл жүйе сынаққа келген адамның жеке тұлғасын анықтап, тест тапсырушыларды кездейсоқ орынға жайғастыруға мүмкіндік береді. Әр жұмыс орнына камера орнатылады, – деді Бағдат Мусин. 

Министрдің айтуынша, мұндай жүйе қазір пилоттық тәртіпте қолданылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы