Бағдарламада жазылғаннан кейін оны орындау керек – Нығматулин

12 Ақпан 2021, 13:15
1314
Бөлісу:
Бағдарламада жазылғаннан кейін оны орындау керек – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин сайлауалды бағдарламада көрсетілген жерді игеру проблемасы тек Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана тиесілі емес екенін айтып, Экология, геология және табиғи ресурстар басшысына сұрақ қойды.

600 мың га жаңа жерді игеру ол оңай шаруа емес. Бірақ бағдарламада жазылғаннан кейін оған жетуіміз керек. Бірақ бұл тек қана Ауыл шаруашылығы министрлігінің сұрағы емес. Бұған Экология министрлігі де өз үлесін қосуы керек. Қандай су көздерін пайдаланамыз? Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта бізде суландыру жүйесі ескірген. Оны қабылдау кезінде Мемлекет басшысына да баяндадыңыз. Осының бәрін жаңарту үшін қандай шаралар жасалады? Бізге түсіндіріп берсеңіз! – деп Нығматулин Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке сұрақ қойды.

Экология басшысының сөзінше, келесі 5 жылдың ішінде 600 мың гектарды іске қосу үшін бұл жұмыс су көп облыстарда атқарылатын болады. Оның ішінде ШҚО, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарына тиесілі.

Сонымен қатар, 5 жылдың ішінде 8 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Оған қоса, 2025-2030 жылдарға дейін тағы 31 жаңа су қоймасы салынады. Нәтижесінде 3,6³ шақырымды құрайтын жаңа су қоймалары іске асырылады, - деп жауап берді министр.

Мырзағалиев атағандай, келесі 5 жылдың ішінде ұзындығы 3,5 мың км су сору жүйелерін қайта жаңарту және 119 негізгі магистраль каналдарды цифрландыру жүргізілетін болады. Бұл жұмыстың аясында 1,5³ шақырым су үнемделетін болады.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті.



Өзгелердің жаңалығы