"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр

15 Желтоқсан 2023, 16:35
1905
Бөлісу:
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
Фото: Арман Мухатов

Астанада жаңа жылға орай «Жаңа жыл Fest & Gastromania» атты жәрмеңке өтіп жатыр. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Сансызбай Жолдасбаев іс-шараның маңызы мен пайдасына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жәрмеңкесі екінші рет ұйымдастырылып отыр. Біздің компаниядан бөлек іс-шараны елорда әкімдігі жүзе асырды. Жәрмеңке 15-17 желтоқсан аралығында өтеді, - дейді Сансызбай Жолдасбаев.

"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр

Жолдасбаевтың айтуынша, әлеуметтік жоба отандық тауар өндірушілеріне мүмкіндік бермек. Іс-шара жеке кәсіпкерлердің жаңа жылға дайындығын шыңдайды әрі кәсібін ілгерілетуге септігін тигізеді.

"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр

Биыл 200-ге жуық кәсіпкерлер қатысып жатыр. Олар көрмеге тауарларын қою үшін алаңды жалға алады. Әрине, орындар арзан бағада жеңілдікпен берілді. Осыны ескерсек, заттардың бағасы төмен болуға тиіс. Бұл астаналық тұрғындар үшін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Біз биыл жәрмеңкеге 30 мыңға жуық адам келеді деп жоспарлап отырмыз. Жоба келесі жылы да жалғасады, - дейді QazExpoCongress» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары.

"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр

Былтыр өткен алғашқы жаңажылдық жәрмеңкеде екі жүзден астам кәсіпорын, оның ішінде жүзден астам қолөнерші жиналған. Іс-шараға 26 мыңға жуық адам келген.

"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр
"Бағасы арзан". Астанада жаңа жылға орай жәрмеңке өтіп жатыр

 

Өзгелердің жаңалығы