«Бағаны тұрақтандыру үшін Ресейден аламыз». Министр астық экспорты жайлы

20 Қазан 2023, 15:47
1082
Бөлісу:
«Бағаны тұрақтандыру үшін Ресейден аламыз». Министр астық экспорты жайлы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев неге Ресейден астық тасымалдап отырғанымызды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге «Біз астық өндіруден әлемде алдыңғы қатардамыз, неге көршінің астығына мұқтажбыз соның себебін түсіндіресіз бе?» деп сұрады.

Былтыр Қазақстан Ресейден 3 млн тонна бидай сатып алды. Биыл болжам бойынша 2 млн тоннаға жетпек. Біз ауа райының қолайсыздығынан тапшылық болмауы үшін көрші елден алуға мәжбүрміз. Бұл жерде астықты арзанға алып қымбатқа сатпақшымыз, бұл сауда...ондай да болады. Иә, өзіміз шығарып, қамтамасыз етеміз бірақ тапшылық пен бағаны тұрақтандыру үшін Ресейден алып келеміз, - деп жауап берді министр

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәселені былай түсіндірді.

Ұн өндіретін комбинаттары жылдың соңғы үш айында 650 мың тонна ұн өндіреді. Оның 30 пайызы ғана ішкі нарыққа керек. Қалғанының бәрі шетелге экспортталады. Сол кезде біздің ұн қазіргі жағдайдағы Ресейдің ұнынан қымбат болуы мүмкін. Комбинаттар конкуренцияға шыдай алмай қалады. Сол себепті комбинаттар көрші елден тікелей өздері ұн сатып алып, әрі қарай Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстан елдеріне сатуға мүмкіндік болады, - деді Айдар Әбілдабеков..

Оның айтуынша, көрші елдің астығынының арзан болуы қазақстандық фермерлерге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты бидайдың да бағасы көтерілді деп жатыр. Мұнда да сондай жағдай. Елімізде құс еті мен жұмыртқа өндіретін фермалар бар оларға Ресейдің арзан бидайы келе берсін деген ниетте жасалып отыр, - деді Айдар Әбілдабеков.

Өзгелердің жаңалығы