Бағаны шектен асырған кәсіпкерлер жауапқа тартылады

23 Шілде 2022, 09:10
1300
Бөлісу:
Бағаны шектен асырған кәсіпкерлер жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлер жанында істейтін 1 мыңнан астам дүкенде азық-түлік бағасы тексерілді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы апта сайын үй жанындағы дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында 1 мыңнан астам дүкен қамтылып, нәтижесінде бағаның сауда үстемесінен асып кетуі, көкөніс пен сүт өнімдерін сақтау талаптарының сақталмауы анықталды. 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкер тауарға баға белгісінің болуын және шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Басқарма баға белгілерінің болмағаны және сауда үстемесінің 15% асып кеткені үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды. Сол сияқты үй жанындағы дүкендердің иелері санитарлық нормаларды сақтауы қажет, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтау бойынша: тоңазытқыш камераларды сөндірмеу, сүт өнімдері секторын стеллаждармен жабдықтау, ауаның төмен температурасы мен ылғалдылығын бақылау, сондай-ақ сауда-саттық кезінде белгілі бір жарық режимін сақтау. Коммуналдық төлемдерді үнемдеу елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді», - делінген әкімдік мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы