Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Архипелаг билігіндегілер апат салдарынан қайтыс болғандар саны артуы мүмкін деп қауіптенеді.
Багам аралдарында Дориан дауылы салдарынан қайтыс болғандар саны 30-ға жетті. Бұл туралы 5 қыркүйекте аралдық мемлекеттің премьер-министрі Хьюберг Миннис CNN телеарнасының эфирінде айтты.
«Мен бір сағат бұрын полиция бастығымен сөйлестім. Қазір 30 адам қайтыс болды. Бұл сан әлі де артуы мүмкін», - деді премьер.
Миннис архипелагтағы құтқару және іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын қосты. Оның айтуынша, жергілікті әуе тасымалдаушы компаниялар Багам аралдарының тұрғындарына апат аймағынан шығып кету үшін тегін билет беріп жатыр.
Сонымен қатар, премьер АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескенін және Багам аралдарына көмек беруді талқылағанын мәлімдеді.
Архипелагқа АҚШ-тан 60 адамнан тұратын құтқарушылар тобы келген.