Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баға шарықтап барады, болжам белгісіз – Ұлттық банк

Олжас АДАЙ
11 Шілде 2025, 16:44
1002
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Маусым айында жылдық инфляция 11,8%-ке жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маусым айында жылдық инфляция 11,8%-ке дейін өсті. Өсуге бірден-бір себеп – қызмет көрсету секторы болып қалып отыр. Сервистік инфляцияның жылдық көрсеткіші маусым айының қорытындысы бойынша 16,1%-ке жетті. Тек реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің емес, сонымен қатар нарықтық қызметтердің құны да өсіп келеді, бұл экономикадағы тұрақты ішкі сұранысты көрсетеді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдері мен импорт бағасының көтеруінен азық-түлік инфляциясы өсіп, 10,6%-ды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 9,4%-ке көтерілді, - дейді Сүлейменов.

Маусым айында айлық инфляция 0,8%-ке дейін төмендеді, алайда Сүлейменовтың сөзінше, бұл мамырдағы 0,9% және сәуірдегі 1,2%-бен салыстырғанда аз.

Базалық және маусымдық әсерден тазартылған инфляция көрсеткіштері біршама өсті. Бұл проинфляциялық қысым жағдайында бағаның тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, - деді ол.

Халықтың алдағы жылға арналған инфляциялық күтулері 12,6%-ке дейін төмендеді, бірақ олар тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Респонденттердің жартысынан көбі келешек инфляция бойынша нақты болжам айтуға қиналады. Бұл халықтың күтулеріндегі белгісіздікті көрсетеді. Ал, бағаның ұзақмерзімді өсімі бойынша халықтың күтулері 14,2%-ға дейін өсті.

Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың осы жылғы бағаның өсіміне қатысты болжамдары 10,7%-тен 11,0%-ке дейін аздап өсті, ал 2026 жылға арналған болжамдары 9,4%-тен 9%-ке дейін төмендеді, - деді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің неге өзгеріссіз қалғанын түсіндірген еді.

Өзгелердің жаңалығы