Бабақұмаров: Эпидемиялық жағдай ушығуда

24 Қаңтар 2021, 23:14
1685
Бөлісу:
Бабақұмаров: Эпидемиялық жағдай ушығуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиена шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл жұмыс режимі, қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауысуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдары қорының болуын, үй-жайлардың  желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады. Бүгінгі күні Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1,3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров сырқаттанушылықтың өсуі жағдайында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді, оның ішінде карантиндік шараларды сақтауға тексерілетін нысандардың тізімін ұлғайтуды тапсырған болатын. Басты міндет — Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу.

Эпидемиялық жағдай ушығауда. 2020 жылғы желтоқсан айының басынан бастап, алдыңғы онкүндікпен кейінгі онкүндіктікті салыстырғанда, COVID-19 ауруының орташа есеппен 1,2 есе өсуі тіркелді. 1-10 қаңтар аралығында - 1,3 есе өсті, 11-21 қаңтарда – 1,1 есе өсті. Инфекцияны жұқтыру қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, ойын-сауық орындарында болады. Мейрамханалар мен басқа да қоғамдық орындардың жұмыс режимін ерекше бақылауға алу қажет, - деді Е.Бабақұмаров.

Өзгелердің жаңалығы