Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналардың ешбір арызы әкімдік назарынан тыс қалмайды

12 Ақпан 2019, 19:25
2140
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналардың ешбір арызы әкімдік назарынан тыс қалмайды

Астана, BAQ.KZ. Қала тіршілігіне қатысты жүйелі проблемалар әкімдік отырысында қаралды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін қалалық әкімдікте әкімнің төрағалығымен қала тіршілігіне қатысты мәселелер талқыланған отырыс өтті. Бақыт Сұлтанов жиналысты көпбалалы аналар мәселесін қарастыруға қатысты әкімдік тарапынан атқарылған жүйелі істердің жүзеге асырылу барысынан бастады.

«Қазір аудан әкімдіктері тиісті жауапты мекемелермен бірлесіп, қаладағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Бізге өзінің әлеуметтік қиын жағдайын айтып көпбалалы аналар хабарласты. Біз олармен бірнеше кездесу өткіздік, барлығының өтініш-арызын қабылдадық. Осы арыздардың ешбірі әкімдік назарынан тыс қалмайды», - деді Б. Сұлтанов.     

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын пысықтаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді. Жұмыс тобы екі ай ішінде Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы аналардың ешбір арызы әкімдік назарынан тыс қалмайды

«Қазіргі кезде аудан әкімдері азаматтарды қабылдап жатыр. Бұл жұмыс жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Әр өтініш бойынша мәселені шешу керек», - деді қала әкімі. Күн тәртібіндегі келесі мәселе қаладағы жүйелі проблемалар. 8-ші ақпандағы жағдай бойынша 28 жүйелі проблема бойынша «жұмыс жүргізілуде», оның тек оны жабылған. «Әріптестер, естеріңізге саламын, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша қайталанып қаралып отыруы тиіс, мүмкін қайта қарап дұрыс шешімдер шығару керек болады. Кейіннен барлық қаралатын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында айтатын боламыз», - деді Б. Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы