Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 шілде күні Қазақстан Сәулетшілер одағының басшысы, "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды.
Бұл туралы "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт құрметті сәулетшінің жақындарына көңіл айтты.Рустембеков "Астана-Байтерек" монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш Президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.
"Астана-Бәйтерек" нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық Сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында Гран-при мен Алтын медаль берді.
Ақмырза Исаұлы Рүстембеков - 1956 жылы 15 ақпанда Ақмола облысының Қорғалжын кентінде туған.
Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі.
ҚР БАҚ-та және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланым мен мақалалар авторы.
"Мұнара түріндегі ғимарат" авторлық куәлігі бар (2003). 1980 жылдан - "Гипворуз" ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары болды. 1990 жылдан - шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі болды. 1996 жылдан - ҚР Сәулетшілер одағының вице- президенті, 2000 жылдан бері президенті болған. 2001-2003 жылдары - Халықаралық ТМД Сәулетшілер одағы ассоциациясының вице-президенті болды.