Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында тіркелген соңғы алты науқастың бәрі де – медицина қызметкерлері, деп хабарлады ҚазАқпарат.
БҚО әкімдігінен түскен мәлімет бойынша, коронавирус індетті жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлерін тексеру кезінде анықталды. Зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланғаннан кейін барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Өңірде індетке қарсы шаралар жалғасуда.
Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 152-ге жетіп, соның 9-ы жазылып шықты. Ауырғандардың басым көпшілігі - Ресейден келгендер. 28-і - медицина қызметкері.
Оқи отырыңыз: