Астана, baq.kz. Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық жолдар жабылды. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Қатты боранға байланысты жолдар таңғы сағат 6.00-ден бастап жабыла бастады. Алдымен республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын», «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», «Подстепный-Федоров-РФ шекарасы» бағытындағы жолдарға шектеу қойылды.Жергілікті сағат 09.00-ден бастап барлық жолдар жабылды. Облыс орталығы Орал қаласында да жел ұйтқи соғып, боран болып тұр.