Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс өңірінде алғаш рет бауыр циррозымен ауыратын екі ақтөбелік науқасқа фетальды жасушаларды ауыстырып салу отасы жасалды.
Бұдан бұрын осындай оталар тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалған.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ профессоры Самат Сапарбаевтың сөзінше науқастарға фетальды гепатоциттер қолданылған.
Жасушалы терапияның аясы кең, ол бауыр ауруы, қант диабетінен басталып, тіндермен және терімен аяқталады. Жасушалы терапияның жаңа бағыты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына емделудің жоғары технологиялық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді және өмір сапасының деңгейін айтарлықтай көтереді деп ойлаймын,- деді ол.
Өңір басшысы Оңдасын Оразалин науқастарға соғып, тез сауығып кетулерін, ал жоғары білікті мамандардың жұмыстарына табыс тіледі.