Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі БҒМ қызметкерінің бұқаралық ақпарат өкілдеріне жасаған мәлімдемесі бойынша хабарлама жасады.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев 48 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандай, ол заңсыз құжаттарға қол қоймаған мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры Анар Қайырбековаға қоқан-лоққы көрсеткен.
Министрліктің мәліметінше, бұл келіспеушілік жаңадан туындаған мәселе емес, соңғы 4-5 ай бойы жалғасып келеді.
"Аталған факті бойынша 2019 жылдың мамыр айынан бастап уәкілетті органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Министрлік тарапынан барлық қажетті құжаттар ұсынылып, бірлесе жұмыс жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз", - деп хабарлады БҒМ-да.