Бұл туынды "Назарбаев лидерлігі" терминін дүниеге әкелді

3 Желтоқсан 2019, 16:21
3916
Бөлісу:
Бұл туынды "Назарбаев лидерлігі" терминін дүниеге әкелді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Халқы ассамблеясымен бірлесіп Тұңғыш президент күніне орай "Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы" атты шара өткізді. 

 
Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, еліміздегі бірқатар елдің елшілері, Сенат және Мәжіліс депуттары, дипломатиялық миссия басшылары, бірқатар ғылыми мекемелер мен білім ордаларының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

fe51070f-3790-4c97-9d7e-718bdac0c847.jpg
Әр мемлекеттің сақталуы, дамуы өз көшбасшысына байланысты. Қазақстан бұл тұрғыда бақытты мемлекет деуге толық негіз бар. Себебі біздің мемлекетті басқару Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Қазіргі таңда біздің елдің тарихи жетістікке жетті. Бүгінгі дөңгелек үстелдің тақырыбының өзі осыны аңғартады,  - деді Жансейіт Түймебаев.
 
Басқосу барысында белгілі түркиялық публицист, профессор Куршад Зорлуның Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кемеңгерлігі мен лидерлік қырын терең зерделеген "Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

fa9c73f6-7133-48b7-8bf3-3569b2c25c73.jpg
Бұл кітап Елбасының еңбектеріне берілген жоғары баға деуге болады. "Назарбаев көшбасшылығы" деген жаңа термин дүниеге келді десек артық айтқандық емес. Қазіргі таныстырылымы болып отырған еңбек қазақ тіліндегі нұсқа. Бұл жерден Нұрсұлтан Әбішұлының лидерлік қырын жаңа деңгейде көре аламыз, - дейді Дархан Қыдырәлі.

Туынды авторы бұл еңбекті жазуға 10 жылға жуық уақыты кеткенін айтады. 

745eb423-3e1d-496a-8d42-da4ef8155de4.jpg
Бұл еңбекті жазуға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еңбектерін пайдаландым. Өзім саясаттанушы ғалым болсам да, бұл кітапты жазу оңайға түскен жоқ. Дегенмен ойға алғандүние өмірге келді. Алғашқы нұсқасы қазақ тілінде жарық көрді. Алдсғы уақытта өзге тілдерде де басылып шығатын болады, - дейді автор. 

Кітап 5000 данамен жарық көрген.

05b7f3be-d483-441c-918e-7966d3bc2858.jpg

Өзгелердің жаңалығы