Бұл үстемеақы медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет – дәрігер

10 Сәуір 2020, 13:05
1608
Бөлісу:
Бұл үстемеақы медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Марал Әбдірахманова инфекциямен күресте тынбай еңбектеніп жүрген медицина қызметкері үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету бағытында тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес, медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешім бекітілген еді.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы фтизиопульмонология орталығындағы коронавирус инфекциялық бөлімінің меңгерушісі Марал Исакқызы ел билігіне алғыс білдірді.
Ең алдымен, елге төнген коронавирус індетімен күресте алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне көрсеткен қаржылай көмегі үшін президентімізге, үкіметке алғыс айтқым келеді. Мен қауіптілігі аса жоғары аймақта қызмет етемін, белгіленген үстемеақыға сай 850 мың теңге қаржылай көмек алдым. Бұл материалдық көмек дәрігерлердің, жалпы медперсоналдардың еңбегін елеп, медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет деп білемін,-дейді ол.

Марал Исакқызы сонымен қатар, инфекциямен күресте тынбай еңбектеніп жүрген медицина қызметкері үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
Үкіметтің қолдауымен біздің қызметкерлер үшін "Hilton" қонақүйінде барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріледі, арнайы көлік бөлінген. Мұнда медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар, науқастарың ем-дом қабылдауына барынша жағдай жасалған. Тиісті дәрі-дәрмек, медициналық құралдар жеткілікті. Қаланың ірі медицина ұйымдарының дәрігерлерімен түрлі кеңестер өтіп тұрады,-дейді.

Дәрігер дәл осылай жұмылып жұдырық болсақ, елді жайлаған коронавирус індетін де жеңіп шығамыз деген сенімде.


Өзгелердің жаңалығы