Бұл да жалған ақпарат - министрлік

10 Шілде 2020, 23:51
1354
Бөлісу:
Бұл да жалған ақпарат - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде "Қазақстан аумағында болып жатыр" деген мәтінмен ұшақтан белгісіз қызыл зат шашыраған бейне көрініс таратылып жүр. 

Ақиқатында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Шынайы ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, бұл ұшақтың АҚШ-қа тиесілі екендігі, ал шашырап жатқан зат өрт сөндіру кезінде қолданатын сұйықтық екені мәлім болды. 
Жалған ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін тағы да бір рет ескертеміз. Тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, – деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 



Өзгелердің жаңалығы