Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан ел Үкіметінің жұмысы белгіленген жоспар бойынша өтеді.
24 қаңтар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысы сағат 10.30-да басталады.
Журналистер саны көп. Таңғы 8-ден жиналған БАҚ өкілдері Үкімет мүшелерін күтіп отыр. Мұнда тек президент "пулына" тіркелген журналистер ғана кірді.
Үкімет үйінің маңында күзет қызметкерлері сақадай сай тұр.
Күн тәртібінде Үкімет еліміздің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы тыңдалады. Сонымен қатар, президенттің Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша есебі талқыланады.