Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Францияның Гренобль қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (1 дивизион, А тобы) басталады деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды.
Кездесулер 14-20 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан хоккейшілері алғашқы матчта Германияға қарсы ойнамақ.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (І дивизион) кестесі:
14 сәуір, 23:30 – Қазақстан-Германия
15 сәуір, 23:30 – Франция-Қазақстан
17 сәуір, 16:30 – Украина-Қазақстан
18 сәуір, 20:00 – Қазақстан-Норвегия
20 сәуір, 20:00 – Дания-Қазақстан
Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.