Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілде күні Қазақстанның бірнеше қаласында жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
2020 жылдың 4 шілдесінде еліміздің қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауаның ластануы болмайды, – делінген хабарламада.
Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпта болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.