Бүгін ауа райы құбылмалы болады

17 Тамыз 2020, 08:20
949
Бөлісу:
Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Cиноптиктердің болжамы бойынша,  Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклонның өтуімен байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Тек оңтүстік және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысында шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде және орталық аймақтарында тұман күтіледі.

Ақмола, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл, Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Павлодарда облысындың кей жерінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерінде тұман болады.

Алматы облысында күндіз қатты ыстық болжанады. Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы