БҰҰ бас хатшысы мұсылмандарға қарсы өшпенділікті өршітуді айыптады

26 Ақпан 2019, 19:05
1441
Бөлісу:
БҰҰ бас хатшысы мұсылмандарға қарсы өшпенділікті өршітуді айыптады

Астана, BAQ.KZ. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қоғамда антисемитизм және мұсылмандарға, әсіресе соғыс оты шарпыған ислам елдерінен ауа көшкен босқындарға қатысты өшпенділікті қоздырушы тұлғаларды сынға алды, деп жазады ТАСС агенттігі.

Бас хатшының пікірінше, босқындар тақырыбын терроризммен байланысты миграция жөніндегі ғаламдық келісімді бұзуға қарсы бағытталған кампания. Осыған байланысты әлемдік ұйым басшысы геноцидті ескерту жөніндегі арнайы кеңесшісі Адам Диенге БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде өшпенділікті оятататын мәлімдемелерді тарату мәселелерін реттеу үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырдын

Женеведа Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің 40 сессиясының ашылу салтанатында Антониу Гутерриш журналистер мен құқыққорғаушыларға қарсы қылмыстық көрсеткіштердің көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, соңғы үш жылда әлемде осы екі мамандықтың мыңнан аса өкілі мерт болған. Сондай-ақ қылмысқа жауаптылар жазаға тартылмаған жағдайлар да жетерлік.

Өзгелердің жаңалығы