Азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды

11 Тамыз 2023, 19:33
709
Бөлісу:
Азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Комиссия отырысында өңірге әлеуметтік маңызы бар тауарларды әкелетін көтерме тасымалдаушылар арасында заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

«А» ЖК «Б» ЖК-ден көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), қант, қарақұмық, тұзды төмендетілген бағамен сатып алып, «Ю» ЖШС-не екі есе қымбатқа сатқаны анықталды. Осыған орай мамандар қолданыстағы заңнама талабына сәйкес шаралар қабылдады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда комиссияның жүйелі жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген тоғыз кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қант өнімдеріне 41% үстеме баға қосып, қарақұмық жармасын екі есе қымбатқа үлкен көлемде сатқан.

Комиссия мүшелерінің шешімімен Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне аладғы уақытта бағаны тұрақтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы