Азық-түлік тапшылығы неге туындап отыр?

28 Желтоқсан 2021, 12:33
1770
Бөлісу:
Азық-түлік тапшылығы неге туындап отыр?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экономикалық зерттеу институтының басқарма директоры Бауыржан Мұқан «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» семинарында айтты.

Семинардың мақсаты-азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына байланысты ТДМ міндеттері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.  

БҰҰ-ның 17 тұрақты мақсаты бар. Біз бүгін азық-түлікпен қамтамасыз етуді қамтитын 2-мақсатын талқылаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігі аясында мемлекет АӨК бойынша 9 бағдарлама жүзеге асырды. Азық-түлікті қамтамасыз етуге байланысты түрлі форматта өзгерістер енгізілген болатын. Енді оны тұрақты даму мақсаттарына орай бейімдеу қажет,-деді Мұқан.

Ол атағандай, тұрақты даму мақсаттарының индикаторы жаһандық деңгейді қамтыса, ұлттық деңгейдегі жіктелген дүниелерді қамтиды.

Жалпы дүниежүзі бойынша халықтың өсу деңгейі байқалып отыр. Сондай-ақ қалаларға шоғырлану мәселесі де бар. Қазір халықтың 70 пайызы қалада тұрады.Онда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Кейбір дамымаған елдерде кедейшілік, аштық көрсеткіштері артқан. Осыған орай азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі тұр,- деді ол.

Айта кетейік,  ФАО прогрестің мониторингіне әдіснамалық әзірленуді қамтамасыз етуге және ТДМ 2, 5, 6, 12, 14 және 15 қол жеткізудің 21 көрсеткіші бойынша әлеуетті тиісінше өсіруге үлес қосуға жауапты БҰҰ-ның жауапты мекемесі ретінде, сондай-ақ ТДМ 1, 2, 14,15 тағы төрт индикаторы бойынша ынтымақтасатын мекеме ретінде әрекет етеді.

Өзгелердің жаңалығы