Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны баяулағаны тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді. Бұл туралы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері мен бірінші тоқсанның алдын ала қорытындылары талқыланған ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды.
Наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсу индексі 0,3%-ды құрады. Бұл өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда (0,9%) үш есе төмен. Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда баға өсімі 1,2% болды, бұл да 2025 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден (3,8%) үш есе төмен. Бұл динамика баға өсімінің тұрақты баяулауын көрсетеді, – деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігіндегілер.
Министрліктің мәліметінше, ресми статистика тұтыну бағаларының индексін есептеудің халықаралық әдіснамасы бойынша қалыптасады және 537 тауар мен қызмет түрін қамтиды.
Мониторинг бүкіл ел бойынша 12 мыңнан астам сауда нысанында жүргізіледі. Ішкі сауда жүйесіне 760 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тартылған, оның 300 мыңнан астамы азық-түлік тауарларын сатумен айналысады.
Бағаның негізгі төмендеуі көкөніс өнімдерінде тіркелді:
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлады Айжан Бижанова.