Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

13 Маусым 2024, 19:20
743
Бөлісу:
Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстанның оңтүстігіндегі төрт облысты “Азиялық Газқұбыры” жыл сайын 2,5-3 млрд текше метр газбен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Азиялық Газқұбыры" ЖШС 2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен оны пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 2008 жылғы 15 ақпанда құрылған.

Ұзындығы 1 310 шақырым құрайтын “Қазақстан-Қытай” магистральды газ құбыры “Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай” газ құбырының бір бөлігі, параллельді “А”, “В”, “С” үш тармағынан құралған. Газ құбырының бастапқы нүктесі - Түркменстанның мұнай-газ кен орындары, ал соңғы нүктесі - Қытай Халық Республикасының оңтүстік провинциялары.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Қазақстандық БАҚ пен қытайлық “Жэньминь жибао” газетінің журналистері “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында жұмыс істеп тұрған “Азиялық Газқұбырының” Алматыдағы газ тасымалдау басқармасында болып, мекеменің негізгі жұмысымен танысты.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Газ құбырының жалпы ұзындығы 7 500 шақырым. Оның 1 310 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Газ құбырының жанында 13 компрессор станциясы және Өзбекстанмен шекарада екі газ есептеу қондырғысы орналасқан. Газ есептеу қондырғыларында сағат және күн сайын газдың қанша көлемде өтетіні есептеледі. Газ құбырының жобалық қуаттылығы 55 млрд текше метр. Қазіргі күні 44 млрд текше метр газ тасымалданады. Транзит пен экспортты қоса алғанда шамамен 41-42 млрд текше метр газ Қытайға транзиттік жолмен тасымалданады.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

“Азиялық Газқұбыры” ЖШС басқарма төрағасы Ерсейіт Қайыповтың айтуынша, мекеме транзиттік газды тасымалдаумен айналысады.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Газ құбыры еліміздің төрт облысынан өтеді. Олар Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстары. Қазір ішкі нарықта қолданылатын газдың мөлшері шамамен 2,5-3 млрд текше метрді құрап отыр. Бұл бір жылдың көрсеткіші ғана болғанымен, сандардың жыл сайынғы көлемі тоқтаусыз өсіп келеді. Өздеріңіз білетіндей, қазір Алматыда жылу электр орталықтары газға ауыстырылып жатыр. Қазір газ саласы Қазақстан ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемнің назарында. Себебі көгілдір отыннан шығарындылар аз. Бізде де қазір газ кен орындарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта газдан басқа да өнімдер өндіруге келе жатырмыз, - деп жауап берді ол редакциямыздың сұрағына.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Сонымен қатар, Қайыповтың сөзінше, Бейнеуден шыққан газдың бір бөлігі Қытайға кетсе, қалған бөлігі еліміздің оңтүстік өңірін қамтамасыз етеді.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Бейнеу-Бозой-Шымкент Газқұбыры Түркістан облысындағы Ақбұлақ газ өлшеу станциясына келіп қосылады. Осы жерден біздің газ құбыры арқылы өткен газды Түркістан облысынан Алматы облысына дейін тұтынушылар тұтына бастайды, - деп түсіндірді ол.

Былтыр 5,5 млрд текше метр отандық газ Қытайға экспортталған. Транзиттік газдың көп бөлігін Түркіменстан облысы қамтамасыз етеді.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді

Айта кетейік, “Азиялық Газқұбыры” 5 475 күннің ішінде қауіпсіз айналым жасап, 482,7 млрд текше метр газ тасымалдаған.

Азиялық Газқұбыры Қазақстанның төрт өңірін газбен қамтамасыз етеді
Өзгелердің жаңалығы