Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары өкілдерімен кездесу өтті

3 Маусым 2021, 19:19
7455
Бөлісу:
Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары өкілдерімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары кеңесі Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен және әскери-саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Дулат Қуанышевпен кездесу өтті.

ҚСЗИ атынан кездесуге директор Зарема Шәукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру жөніндегі бастаманы алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. АӨСШК-нің құрылуы өңірлік қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндерінің туындауы контексінде Азиядағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша тиімді диалог алаңын қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген.

Қайрат Сарыбай АӨСШК жұмыс істеген жылдары айтарлықтай дамығанын, өзінің қажеттілігін растағанын және форумды одан әрі дамыту мүддесі үшін оның қызметін диалог алаңынан саяси шешімдер қабылдау жөніндегі институт деңгейіне дейін қайта форматтау қажеттігі туындағанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық қатынастардағы негізгі оқиғалар, Азиядағы қазіргі ахуал туралы пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстанның оған төрағалық ету кезеңіндегі АӨСШК Хатшылығының жаңа міндеттерін және жалпы кеңестің перспективаларын нақты талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша АӨСШК тақырыбы бойынша бірлескен сараптамалық-талдау жұмысын өткізу мүмкіндігі, 2020-2022 жылдары Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық ету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде АӨСШК талдау орталықтарының халықаралық конференциясын, дөңгелек үстелін және форумын өткізу талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы