Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкенттегі кадеттер арасындағы Азия кубогінің екінші күнінде бірқатар жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдеге ие болды.
Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай күміс жүлдегер атанса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева мен София Яковлева қола медаль еншіледі, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар рапирамен семсерлесуден Алуа Мұқанова жекелей сайыста үшінші орынға тұрақтады.