АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Азиядағы Азия кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы Астана мәлімдемесін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ең басты Азия кеңесі саммитінің құжаты трансформация жөніндегі Астана мәлімдемесінің қабылдануы болды. Бұл мәлімдемеге сай, Азия кеңесі толыққанды өңірлік халықаралық ұйымға біртіндеп, кезең-кезеңмен консенсусқа негізделген трансформациялаудың құрылымды инклюзивті және ашық келіссөздер процесі басталды сөз, - деді спикер.
Сарыбайдың мәлімдеуінше, елімізде өткен саммитке 50-ден астам делегация қатысты. Бұл делегацияның 12-сі мемлекет және үкімет басшыларының деңгейінде болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Азия кеңесінің қазіргі ерекшеліктері онсызда халықаралық ұйыммен іспеттес. Неге десеңіздер, басқарушы, атқарушы органдарымыз бар, қажетті құрылымымыз да бар. Сондықтан, Президентіміз Саммитте «бұл жаңа ұйымды құруды білдірмейді Азия Кеңесі өз институционалды дамуының жаңа кезеңіне өтуде. Кеңестің мәртебесін көтеру әлемдік істердегі артып келе жатқан рөлін нығайтып, мүше мемлекеттердің өзара іс-әрекетін жаңа деңгейге шығарады» деген еді. Транформацияның басты, идеясы жаңадан бір ұйым құру емес, осы күнге дейін қол жеткізген нәтижелердің негізінде жаңа деңгейге көтеру, - дейді Қайрат Сарыбай орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.