18-21 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында AIGA грэпплингтен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Павлодар облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығы мәлімдеді.
Чемпионатта Қазақстанның спортшыларымен қатар жақын шет елдердің спортшылары қатысты. Азия чемпионатында 1100-ден астам спортшылар қатысты. AIGA грэпплингтен Азия чемпионатында Павлодар облысының құрамасы жақсы өнер көрсетті, - делінген хабарламада.
Павлодарлықтардың қоржынында бір алтын, бір күміс және бес қола медаль бар. Мәселен, Әлихан Ұзыханов алтын медальді еншілесе, Санжар Нұрланов екінші тұғырдан көрініп, күміс медальге ие болды. Ал Исмаил Құнаев, Шыңғысхан Сәлемхат, Амина Фазлыева, Эльмира Халимова мен Динара Жүсіпова қола медальді қанжығалады.